"Жұрттың қатындары...": Әйелін құрылыс жұмыстарына салған еркек көпшіліктің ашуына тиді

0
4 188

"Сен еркек емессің! Тура малсың, тәрбие көрмеген, саған айел құл емес!


Әйеліне ауыр жұмыс істеткен еркек жұртқа ұнамай қалды.

Әлеуметтік желіде әйелін үйдің құрылыс жұмыстарына салған еркектің видеосы тарады. Видеоны ер азамат өзі түсіріп, әйеліне "Жұрттың осындай қатындары тамын салып, батпағын илеп, кірпішін өріп үйін дайындап қойған. Тездет, бітіру керек мынаны..." деп дөрекі сөйлейді.

Мұны көрген желі қолданушылары ашуға беріліп, ер азаматқа лайық іс емес екенін, "Сен еркек емессің! Тура малсың, тәрбие көрмеген, саған айел құл емес! Бейшараның заресін алып қойғансың, мал!", "Еркектердің жалқаулығы шын еркек болса әйелдерге жасатпай өздері істеу керек. Әйелдің тірлігі емес бұл" деген сияқты теріс пікірлерді қарша жаудыруда. Бірақ аракідік арасында бұл бейнежазба әзіл үшін түсірілгенін айтқандар да бар.

Десе де "Әзіл болғанымен, ер адам өзінің абыройын түсірді" деп айыптағандар жетеді.

Фото-видео әлеуметтік желіден алынды.

ERNUR.KZ