Ағзаны тазалауды қанды тазартудан бастаңыз!
Жаз мезгілі ағзаны тазалауға өте қолайлы уақыт. Ағзадағы зиянды токсиндер мен шлактарды шығару арқылы денсаулығыңызды жақсартсаңыз, барлық зат алмасу жүйелері қалыпқа келеді. Дегенмен қандай жағдайда ағзаны тазалау керектігіне де мән берген дұрыс.
Мысалы:
- Иммунитет әлсірегенде;
- Себепсізден-себепсіз бас ауруы;
- Ауа-райының өзгеруіне қарай мазаның болмауы;
- Көңіл-күйдің тез өзгеруі;
- Шамадан тыс күйзеліс;
- Кенеттен пайда болған аллергия;
- Ұйқысыздық;
- Жүректің айнуы;
- Созылмалы шаршаңқылық;
- Әлсіздік, күш-қуаттың болмауы;
- Семіздікке бейім болу.
Денсаулығыңызда осындай өзгерістер болып жатса, ішкі ағзаларды тазалау керек. Болмаса буын аурулары мазалап, созылмалы аурулар асқынуы мүмкін. Мұның барлығы ағзаға қажетсіз шлактар мен токсиндердің жиналғандығын білдіреді. Ендеше ағзаны тазалауды қанды тазартудан бастаймыз.
Адам ағзасы токсинге толған кезде қан құрамы өзгеріп, зиянды заттар лезде ағзаға тарайды. Осындай жағдайда қанды тазалауға мынадай өсімдіктер көмектеседі:
Түймедақ, лопух тамыры, қалақай, қайың жапырағы және бақбақ.
Бұл өсімдіктерді жеке-жеке қарапайым шай сияқты демдеуге де, әрқайсысынан жарты шай қасықтан алып, бірге демдеп ішуге болады. Аталмыш шайлар бойды сергітіп, ағзаның қабынуына қарсы әсер береді. Сол себепті де осындай пайдалы шайларды ішуді әдетке айналдырыңыз.
Зығыр дәнімен ішектерді тазалау
Ішектерге шлактар мен токсиндер толса, ішек жұмысы бұзылып, барлық ішкі ағзаларға да зияны тиеді. Сондықтан да ішекті тазалауды кейінге қалдырмаған дұрыс. Бірақта ішектерді дәріханалық препараттармен емес табиғи шөптермен тазалаған жөн. Өйткені дәріханада сатылатын арнайы дәрілер ішекке тікелей әсер етіп, пайдалы бактерияларды да жойып жібереді. Ал табиғи шөптердің нәтижесі бірнеше күннен кейін білініп, 5-7 күн ішінде өзіңізді жеңіл сезіне бастайсыз. Ол үшін зығыр дәні, аналық шөп (пустырник), сенна шөбі мен көк шайды бір ыдысқа салып, қайнаған су құйып, тұндырып қою керек. Дайын болған тұнбаны сүзгіден өткізіп іше беруге болады.
Жолжелкен өкпені тазалайды
Өкпеге жиналған токсиндерді де табиғи өсімдік тұнбаларымен тазалай аласыз. Егер тыныс алуыңыз қиындап, өкпенің жұмысында қандай да бір ақаулар байқасаңыз, асқынуына жол бермеңіз. Аурудың пайда болу жолдарыкүнделікті кездеседі. Желдеткіші жоқ жабық мекемеде, темекі шегілетін орында,газды жерде ұзақ отыруға болмайды. Осындай жағдайлардан кейін іште токсиндер жиналады. Көптеген дәрілік шөптер оңайлықпен көмектесе бермейді. Бірақ табиғи шөптерден нәтиже көруге болады. Мысалы: жолжелкен, бөденешөп пен аюқұлақ та өкпені тазалауға жақсы септігін тигізеді.
Бауыр мен бүйректі де тазалаңыз
Бауыр адам ағзасына қажетті ең маңызды мүшелердің бірі. Ол бірнеше гормондардың түзілуіне қатысып, токсиндерді шығарады. Алайда токсиндер көбейік, бауыр жұмысы ауырлаған кезде оның ағзадағы сүзгі рөлі ойдағыдай орындалмай қалады. Сондықтан да бауырды табиғи шөптермен тазалап тұрған дұрыс.
Әсіресе мына өсімдіктер жиынтығы бауырды тазалауға айтарлықтай әсер ете алады екен:
Бақ-бақ, аскөк, орман бүлдіргені, жүгері шашағы, алатікен, анис шөбі. Аталмыш өсімдіктерді біріктіріп, тұнба жасап қабылдасаңыз, бауырыңыз тазарып шыға келеді.
Сонымен қатар, шалфей, итмұрын және қайың жапырақтарын да пайдаланып көріңіз. Осы аталған өсімдіктерді бір ыдысқа салып, 5-10 минут қайнатып, сүзіп аласыз. Шлактарды айдау үшін таңғы асқа дейін, 30 минут бұрын ішу керек. Күніне тұнбаның 400-500 мл ішсеңіз жетіп жатыр. Ал, емдік курс уақыты – екі апта.
ЕСКЕРТУ! Кез-келген емдік немесе салмақ тастауға (қосуға) арналған әдісті дәрігермен кеңесуден кейін ғана қолданыңыз!
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: