​Дұрыс тамақтануға шектен тыс әуестік денсаулыққа қауіп төндіреді

0
1 070

Тағамның тазалығына қатты назар аудару дұрыс емес пе?


​Дұрыс тамақтануға шектен тыс әуестік денсаулыққа қауіп төндіреді

Дұрыс тамақтанудың жаңа трендтері қоғамда тамырын жайғаны сонша, майсыз, етсіз тағамдарды жеп, бутерброд пен газды сусынның орнына смузи немесе сәбіз шырынын таңдаған баланы көрсек таңқалмайтын болдық. Демек бала өзінің денсаулығына мән береді. Алайда, кейбір жасөспірімдер азықты пайдалы және пайдасыз деп бөліп, өз рационын шектейтін болған. Бұл – оторексия болуы мүмкін.

Орторексия немесе орторексиялық жүйке – бұл қарапайым тілмен айтқанда жүйкенің бұзылысы. Оторексиямен ауыратындар өз тағамдарының "тазалығына" қатты назар аударады, сонымен қатар дұрыс тамақтанудың артықшылықтарына әуестенеді. Бір қарағанда мұнда тұрған ештеңе жоқ, керісінше баланың дұрыс тамақтануға ұмтылғаны жақсы. Алайда, тым әуестенгендер төмендегі жағдайларға бейім келеді:

  • Кез келген тағамды зиянды деп санаса, қарны ашып тұрса да жемей қоя салады
  • Жүрек қан тамырлары ауруы
  • Өзінің өмір сүру салтын өзгелерге мәжбүрлеп таңу
  • Дұрыс тамақтанудың ережесін қатаң ұстанады
  • Майы бар тағамдарды өз рационынан мүлде алып тастайды
  • Тағамды толық жемейді немесе керісінше тойып жеу
  • Ағзаға дәрумендер мен минералдарға артығымен беру


Тек қана пайдалы азықты ғана ішіп-жеп, қосымша ашығып тұру, булимия (тамақтанудың бұзылуы, онда адам бір уақытта көп мөлшерде тамақ жейді, содан кейін құсу немесе іш жүргізетін дәрілерді қолдану арқылы жегеннен құтылады, тазартады) және анорексияның (дене салмағының төмендегеніне қарамастан, артық салмақ жинап қалудан қорқып тағам қолдануды қатты шектейтін психологиялық жағдай) дамуына алып келеді.


Орторексия белгілері:

Дұрыс тамақтануды ұстанып, тамақтану тәртібінің өзгеруімен ауыратын жанда бірнеше ерекшелік болады:

  • Тамақты тым қатты таңдап ішеді
  • Диеталық тағамдардың белгілі бір түрін таңдау
  • Үнемі бір түрдегі тағамдар ішіп-жеу
  • Минерал мен дәрумендерді мол алу
  • Үйден тыс жерде мүлде тмақтанбау

Мұның барлығы жүйкедегі бұзылысты білдіреді. Адам ортасын тамақтануына қарай өзіне жақын және алыс етіп бөле бастайды. Егер танысы, досы өзі секілді тамақтанбаса одан бойын алшақ ұстай бастайды. Мұндай жандар біртіндеп сырттан тамақтанудан шектеледі және алдына келген астың құрамын білмей, оны жемейді. Егер адам осылай тамақтануын қоймаса, онда:

  • Ұйқысы бұзылады
  • Бас айналу. Талып қалу орын алады
  • Денесінде бөрітпелер пайда болып, қышынады
  • Құсу, іш өту болады
  • Жүрек қағысы бұзылады

Элементтердің жетіспеушілігі немесе мол болуынан ағза зардап шегеді. Біртіндеп кейбір аурулар көрініс бере бастайды. Мұндай кезде адамның сырт пішіні бірден өгеріп кетпеген соң көбіне шаршауға, улануға немесе күйзеліске балайды.

Мұндай жағдайға шалдыққан жанның емделуі қиын, бірақ қалыпқа келуге болады. ол үшін, дәрі ішу немесе психолог, диетолог мамандарға көріну қажет.


Ем-шара

  • Үнемі тамақтану рационын өзгертіп отыру.
  • Күйзелісті тамақ арқылы баспау.
  • Дұрыс тамақтану мен диетаны қатаң ұстанбау.
  • Дұрыс тамақтануды хобби етпеу.
  • Кей кезде зиянды болса да қажет етіп тұрған тамақты жеу.

Сондай-ақ жасөспірімдерде тамақтану тәртібін бұзудың тағы бір нұсқасы – шектен тыс жаттығулар.

Дұрыс тамақтануды қолға алған дұрыс, бірақ шектен шықпау керек.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.