«Қазақстанда мен жайлы өте жаман сөздер айтылды», дейді Диана Эспозито (қыз кезіндегі тегі Уразбаева). Ол Атырау қаласында туып, өсіп осыдан алты жыл бұрын итальяндық Марио Эспозитоға тұрмысқа шықты. Әрбір қалыңдық секілді Диана жігіттің отаны Салерноға келін болып түседі, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.
фото ашық дереккөзден
«Қазақстанда мен жайлы өте жаман сөздер айтылды», дейді Диана Эспозито (қыз кезіндегі тегі Уразбаева). Ол Атырау қаласында туып, өсіп осыдан алты жыл бұрын итальяндық Марио Эспозитоға тұрмысқа шықты. Әрбір қалыңдық секілді Диана жігіттің отаны Салерноға келін болып түседі, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.
«Мен жұбайыммен Австралия қаласында саяхаттап жүргенімде таныстым. Сол саяхатта мен жүгінген туристік агенттік қонақүйден орын еншілемепті. Біраз әуре-сарсаңға түсіп, ақыры уақытша студенттерге арналған жатақханаға қонақтауға тура келді. Міне, осы жерде болашақ жарымды кездестірдім. Ол көрген жерден маған ілтипат танытып, көңілімді табуға тырысты. Онысын басқаша түсінгендіктен, Марионың көзіне түспеуге тырысатын болдым. Дегенмен, оның шынайы сезімі менің пікірімді өзгерте бастады. Бірнеше ай өткен соң ол дипломын алып, Италияға кетті. Ол отбасына өзінің үйленгісі келетінін айтқан екен.
Осылай алғашқы рет Италияға 2012 жылдың соңында жұбайыммен аяқ бастым. Бұл елдің тілін білмеуіммен қоса не досым, не жұмысым болмады. Жаңа өмірге үйренісіп кету осы себептерге байланысты қиынға соқты. Жұмыс табу бірнеше дипломымның барына қарамай ауыр болды. Ойлана келе, туристік бизнеспен шұғылдануды мақұл көрдім. Елге келген қонақтарға Италияның оңтүстік бөлігіне «тур» ұйымдастыруды қолға алдым. Тіпті Лондон, Барселона және Германиядағы қазақ қандастарым да келіп, қонақ болып жүрді. Осы шабыт берген шығар, жұмысқа деген құлшынысым артып, аз ұйқытап, көп еңбек еттім.
Мұндағылар «сен Бораттың еліненбісің» деп сұрайтын. Оларға «осы кинода айтылғандардың барлығы рас болса, мен қалай Лондонда білім аламын дейтінмін. Сонда олар «демек сен Президентінің қызысың. Ол Қазақстандағы жалғыз ғана бай адам емес пе?!» дейтін. Бұл да болса, Еуропада «Борат» фильмінің соншалық танымалдылығынан шығар. Осы ретте мен патриотпын! Отанымды жанымнан артық жақсы көремін дегім келеді.
Әрбір «турсаяхатта» мен шетелдіктерге Отаным жайлы, біздің дәстүрлер туралы сөз қозғауға тырысамын. Олар тыңдаған сайын, қызығушылықтары артып, біздің елдің мәдениеті туралы көп сұрайды. Мен де барынша қызықтыра айта түсіп, тіпті қолымда бар ұлттық әшекейлеріміз бен бұйымдарымызды сыйлыққа ұсынамын. Сенесіздер ме, қыз-келіншектер жағы сол мезетте-ақ сырға-жүзіктерді тағып алады. Бұйымдарды көздерінің қарашығындай сақтайтындықтарын жеткізеді.
Шетелдікке тұрмысқа шықсам да, мен қазақпын! Кіндік қаным тамған жерге деген махаббатым өшпек емес! Дегенмен, отандастарымның мен жайлы теріс пікірі жаныма қатты батады. Сыртымнан ғайбат айтпаса екен деймін. Мен бақытты әйелмін!» деді Диана ағынан жарыла.
ERNUR.KZ