Сіздің отбасыңызға не жетіспейді?

0
3 097

Асүйге жаңа дастархан алдыңыз делік. Қалай ойлайсыз, ол сіздің қандай екеніңізді, отбасыңызға не жетіспей жүргенін айтып бере ала ма? Психологтар бұл сұраққа «Иә» деп жауап береді.


Сіздің отбасыңызға не жетіспейді?

Асүйге жаңа дастархан алдыңыз делік. Қалай ойлайсыз, ол сіздің қандай екеніңізді, отбасыңызға не жетіспей жүргенін айтып бере ала ма? Психологтар бұл сұраққа «Иә» деп жауап береді.

Расында да, сіз таңдаған қарапайым дастарханның түсіне қарап, отбасылық өміріңіздің қандай екенін бірден аңғаруға болады екен.Үй бикелерінің әрқайсысының өзіне тән талғамы мен сәні, талабы бар. Соған сәйкес таңдау да түрліше болады. Бірақ, сыртқа қатты байқалмағанымен, өмірінде орын алып жатқан жағдайларға байланысты аздап өзгеріп те отырады екен. Ендеше, ойланып көріңізші, дәл қазір сізге дастархан алу қажет болса, қандайын таңдар едіңіз? Қарапайым ақ түсті мен әлде жарқын, көңілді суреттері бар түрлі-түсті ме? Мүмкін, жанға жайлы жылы түске немесе суық түске басымдық беретін боларсыз…

Қарапайым ақ дастархан

Сізге кеңістік немесе оңашалық жетіспей жүр. Сізге ғана емес, отбасыңыздағы барлық адамға осылай боулы ммүкін. Біреудің әуен тыңдағысы келсе, екінші біреу тыныштықты талап, «музыканың даусын бас» дейді. Отағасы балалардан басқа бөлмеде ойнауын талап етеді. Жуынатын бөлмені кезекпен қолдану үшін де келіспеушілік орын алып жатады. Күнде қайталанатын үй тірлігі мен осындай келеңсіздіктерден жалықтыңыз. Еркіндік пен жайлылық, тыныштықты қалайсыз. Дәл осындай сәтте сізге ішкі түйсігіңіз үстел үстіне жаңадан ақ дастархан жаю керектігін сездіреді. Ол орын алған жайларды біршама жақсарта түсетіндей көрінеді.

Жарқын суретті түрлі-түсті дастархан

Отбасылық өміріңіз бірқалыпты өтіп жатыр. Кейде сіз өзіңізді құддыбір қысқы ұйқыға кеткендей сезінесіз. Ал, үйіңіз күнделікті жұмыстан соң түнеуге ғана арналған орын сияқты. Осындай кезде көңіліңізді сергітіп, бойыңызға қуат сыйлайтын нәрсе іздейсіз. Көп бояулы, көңілді суретті заттар көмектесе алатын сияқты көрінеді. Мейлі, ол дастархан болса да. Дұрыс ойлайсыз, жарқын түсті дастархан таңғы, түскі, кешкі аста да көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, отбасылық өміріңізге өзгеріс енгізе алуы әбден мүмкін.

Жанға жайлы, жылы түсті дастархан

Сіздің үйіңізде жайлылық, отбасы мүшелерінің арасында шынайылық жетіспейді. Көптен бері отбасы болып бір дастархан басына жиналмағандықтарыңыз байқалады. Ал, бәрінің басын қосқан күннің өзінде, яркім өзді-өзімен болып, әңгімелері жара спай отырғанының куәсі болып жүрсіз. Әрине, бұл өте жағымсыз жадай. Дегенмен, тығырықтан шығар жол қашанда табылады. Сіз осы жол ретінде сары, қыша немесе тоқ сары түсті дастархан таңдадыңыз. Расында да, оны асүй үстеліне жаю арқылы сіз отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қарым-қатынасын жақсартуыңыз бек мүмкін. Өйткені, мұндай жанға жайлы түстер шаңыраққа тыныштық әрі жайлылық сыйлайды.

Суық түсті дастархан

Отбасыңыздағы адамдар бір-бірімен жақын әрі ұйымшыл. Бұл жағынан мақтауға лайық шаңырақсыздар. Бірақ, сі здер тым шектен шығып кетесіздер. Яғни, тым ұйымшылдық пен асқан жанашырлық бір-бірінің өміріне, жеке әлеміне етене еніп, орынсыз араласуына әкеледі. Нәтижесінде, отбасы жайлылығына жарықшақ түседі. Үнемі бір-бірінің ісіне ара ласа беру ұзаққа созылса, жүйкеге тиіп, соңы ұрыс-керіске айналуы ғажап емес. Осындай жағдайды сәл бәсеңдеткісі келген отанасына интуициясы суық түстерді қолдануға кеңес береді. Сөйтіп, ол бейсаналы түрде болса да, суық түстерге басымдық бере бастайды. Дастархан турасында да солай.