​Мәжіліс депутаттары "Астана-тазалық" ЖШС ұйымына арнайы барды

0
710

Депутаттар жалпыхалықтық референдумның маңызына тоқталып, дауыс берудің ережелері мен шарттарын түсіндірді.


​Мәжіліс депутаттары

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Казанцев Павел Олегович, Нұрбек Саясат, Павловец Лариса Павловна және Закиева Динара Болатқызы өндірістің еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Референдум жайлы түсінікте беріп, жұмысшылардың мұң-мұқтажын және лебізін тыңдады. Жиында рефендумға қатысты тың ойлар айтылып, депутаттар «Жаңа Қазақстанды» бірге құруға шақырды.

Мәжіліс депутаты Динара Закиева көп балалы ананың әлеуметтік жағдайына байланысты сұрағына толыққанды жауап беріп, алдағы уақытта мәселенің шешілуін өз бақылауында болатынын мәлімдеді.

Депутаттар жалпыхалықтық референдумның маңызына тоқталып, дауыс берудің ережелері мен шарттарын түсіндірді. Кездесуде қатысушылардың сұрағына нақты жауаптар берілді. Әр баптың өзгерісіне жеке-жеке тоқталды:

- Суперпрезиденттік басқару формасынан түпкілікті бас тарту;

- Президент туыстары квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік қызметте басшылыққа тағайындалмайды;

- Жер және жер қойнауы - халықтың меншігі;

- "Өлім жазасына" тиым салу;

- Президент және судьялар, сайлау комиссиясының өкілдері, әскери және Ұлттық қауіпсіздік қызметшілері ешқандай партияның, қоғамдық бірлестіктердің мүшелігінде болмауы тиіс.

Сонымен қатар, шарада депутаттармен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумды қолдауға қатысты салмақты дәлелдер мен шынайы себептер айтылды.

Ұйым қызметкерлерінің жылы шырайы мен ел тағдырын айқындайтын осынау маңызды кезеңде белсенділік танытуы қызметкерлердің азаматтық ұстанымының дұрыстығын дәлелдейді.

Шара соңындаарнайы қағазға ұсыныстар мен талап-тілектер жазылды.

Мәселенің басым бөлігі баспана, зейнет жасын азайту және жалақы мөлшерінің аздығы болды.

Кездесу соңында ұйым қызметкерлері депутаттарға өз ықылыстарын білдіріп, жалпыұлттық рефендум өткізу бастамасын қолдайтынын және Жаңа Қазақстан құру жолында мемлекетке үлкен сенім артатын жеткізді.