Референдум-2022: қазақстандықтар Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады

0
533

​Сайлау учаскесіне Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін алып бару қажет.


Референдум-2022: қазақстандықтар Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады

ERNUR.KZ. 2022 жылдың 5 маусымында мемлекет басшысының жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді, деп жазады sputnik.kz.

"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жалпыхалықтық дауыс беруге шығарылады, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.
18 жасқа толған қазақстандықтар Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3 "А" мекенжайында орналасқан Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде дауыс беруге қатыса алады. Мұнда №265 сайлау учаскесі Мәскеу уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Мәскеуден бөлек, Қазақстанның бас консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін дауыс беруге болады:
Санкт-Петербург қаласы – Рылеев көшесі, 10, №290 сайлау учаскесі;
Қазан қаласы – Карл Маркс көшесі, 8/13, №301 сайлау учаскесі;
Астрахань қаласы – Акварельная көшесі, 2 "Б", № 291 сайлау учаскесі;
Омбы қаласы – Шоқан Уәлиханов көшесі, 9, №292 сайлау учаскесі.