Түркістандық жастар референдумды қолдау штабымен жүздесті

0
517

Конституцияға енгізетін өзгерістер жайында пікірталас өрбітті.


Түркістандық жастар референдумды қолдау штабымен жүздесті

Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб мүшелері түркістандық жастармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Республикалық кәсіподақ федерациясы басшысының орынбасары Нұрлан Өтешов түркістандық жастармен кездесті. Кездесу барысында жастар өздерінің көкейдегі сұрақтарын ашық қойып, Конституцияға енгізетін өзгерістер жайында пікірталас өрбітті.


Нұрлан Өтешов 5 маусымда өтетін референдумның маңыздылығын, жастардың ел дамуына қосар сүбелі үлесін сөз етіп, жастармен емін-еркін сұхбат жүргізді. Ол жастардың ойын тыңдап, Түркістан облысы жастарының белсенділігі мен ашықтығына оң бағасын берді.


Атап өтейік, бүгін референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб және өңірлердің қоғамдық штабтары республика көлемінде ақпараттық-насихаттық жұмыстарды кеңінен және белсенді түрде жүргізу мақсатында Түркістанға келіп, мәслихат хатшылары, депутаттар, ардагерлер мен қоғамдық келісім мүшелерімен кездескен болатын. Сондай-ақ штаб мүшелері кәсіпкерлермен де бас қосып, еліміздегі бизнес саласының дамуы жайында талқылау өткізді.