Жігіттердің көзі бірінші тырнаққа түсетінін ұмытпаңыз!
Барлық сұлу өзгеден ерек болғанды қалайды емес пе? Ол үшін бар құрбандыққа дайынбыз! Қазір өзіңізге ұнамайтын тұсыңыз болса, оны өзгерту де көп уақыт алмайтын болған. Бірақ барлық қыздар "өз тырнағың мен кірпігіңе ештеңе жетпейді" дегенді мойындайды!
Бүгін ERNUR.KZ сайты тырнағы қысқа қыздарға көмекке келеді.
Егер сіздің тырнақтарыңыздың пішіні қысқа, әрі сынғыш болса оған жасанды тырнақ жалғап әуре болмаңыз! Бұл біріншіден, тырнақты одан әрі әлсіретеді. Екіншіден, сымбатын құртады. Дұрысы біз ұсынған төмендегі идеяларды қолданып, көркемдеп көріңіз.
1. Мәңгілік КЛАССИКА
Қызыл түсті бояу - тырнағы қысқа қыздарға ең жақсы нұсқа. Тек теріңіздің түсіне сәйкес қызыл реңктердің үйлесетінін таңдай алсаңыз болды. Мысалы, қараторы қыздарға алқызыл мен сәбіз түсті реңктер жарасымды. Ал аққұба қыздарға қызыл күрең түс жақсы үйлеседі.
ГЛИТТЕР
Тырнақтың бір бөлігін жылтырақпен бояу біріншіден өте қарапайым болса, екінші жағынан мерекелік үлгіге де есептеуге болады. Тек жылтырақты жақпас бұрын тырнақты түссіз лакпен бояп алу керек. Ол тырнақтың тегіс әрі нәзік көрінуіне көмектеседі. Ал жылтырақтың пішінін өз қиялыңызға қалдырдық.
ГРАФИКАЛЫҚ ДИЗАЙН
Жаңа жыл күні қысқа тырнақтарды жолақтар, түрлі пішіндер салып әсемдеуге болады. Ол сіздің тырнақтарыңыздың өзгелерден ерекшеленіп тұруына сеп. Бірақ тырнағыңыз қысқа болғандықтан, кез келген пішінді сыза салуға болмайды. Мысалы қалың жолақтарды мүлде қолданбаған дұрыс.
Автор: @karashash_esenbay
Фото: makeup.ru