АЗ ҚАРАЖАТПЕН қай елге САЯХАТТАУҒА болады?

0
4 088

Көптеген адамдар аз қаржыға ерекше жерлерге саяхаттағысы келетіні рас. Сондықтан, біз экзотикалық елдерде, Еуропада немесе таяу шетелде артық шығынсыз демалудың бірнеше нұсқаларын қарастырдық.


АЗ ҚАРАЖАТПЕН қай елге САЯХАТТАУҒА болады?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

1. Бай тарихы және еуропалық деңгейдегі туристік орталықтары бар Грецияда дағдарыс күтілуде, сондықтан мұндағы демалыс құны арзан болып отыр. Бұл елге барып, ең жақсы жағажайлардағы керемет демалыстан ләззат алуға және грек асханасынан аз ақшаға тамақтануға болады. Мәселен, бір отырғанда жеген тамағыңыздың орташа бағасы шамамен 2000-3000 теңге болады екен.


2. Егер, виза рәсімдемей-ақ аз қаржымен демалуға болатын жер іздесеңіз, Грузияға баруға болады. Мұнда тек теңізге ғана шомылып қоймай, ең танымал демалыс орындарына да бара аласыз. Сонымен қатар, жағажайлардың көпшілігіне кіру тегін, ал қонақ үйдің бағасы тәулігіне шамамен 4500-7500 теңге аралығында.


3. Ал, Испанияда теңіз демалысы ғана емес, танымдық саяхат та қатар дамыған және бағасы да қолайлы. Мысалы, тарихи орындармен таныстыратын экскурсияға бару үшін керек чектің орташа құны – 4000 теңге шамасында болады. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар тамақтанатын асханалардан аз ақшаға қарын тойдыруға болады екен және сол үнемделген қаржымен қызықты шоуларға бара аласыз.



4. Теңізге шомылу, тауға шығу, тарихи орындарға саяхат жасау – осының бәріне Абхазияда қол жеткізуге болады. Бір жақсы тұсы – бұл елде барлық демалыс түрлерінің бағасы төмен. Мәселен, 3 сағаттық атпен серуендеу ересектер үшін – 3800 теңге, тау өзендеріндегі қайықпен экстремалды демалыс жасау (рафтинг) – 4900, ал джипинг – 8400 теңге тұрады.



5. Тағы бір арзан әрі жақсы демалыс жасауға болатын экзотикалық ел – Үндістан. Бұл елде будда храмдарына баруға, табиғаттың ерекше сұлулығын тамашалауға, түрлі-түсті фестивальдер мен мерекелерге қатысуға болады. Сонымен қатар, мұндағы үш мезгіл тамақпен қамтамасыз ететін жақсы қонақүй құны – шамамен 4200 теңгені құрайды екен және аз ақшаға үнді дәмдеуіштерін, түрлі былғарыдан жасалған сөмкелерді, кәдесыйларды сатып ала аласыз.


6. Түркиядағы демалыс бағасының арзандығымен, сапалы қызмет көрсетуімен көптеген елдерге танымал. Бұл елде жағажайда қыздырынуға, шоппинг жасауға және экстремалды дайвингпен айналысуға болады. Сондай-ақ, жергілікті жемістер және дәрумендердің дәмін татуды ұмытпаңыз.


7. Армения – Қазақстан азаматтарына визасыз арзан маршруттарды ұсынып отырған, дамыған туристік бағыт. Онда ежелгі храмдар, монастырлар, үңгірлер, сарқырамалар және әлемдегі ең ұзын аспалы жол (канатная дорога) бар. Оған қоса, тамақтану бағасы да арзанға түседі.


8. Венгрия – Еуропаның орталығындағы демалуға қолайлы ел. Егер, денсаулыққа байланысты мәселелер болса, Сіз минералды бұлақтары бар көптеген жергілікті сауықтыру орталықтарына бара аласыз. Сондай-ақ, Венгрия«ашық аспан астындағы мұражай» деген атқа ие және экскурсия құны айтарлықтай арзан.


9. Польшада Сізді ғажайып шіркеулер, сәулет ғимараттары, өнер туындылары және орта ғасырлық қалалар күтеді. Сонымен қатар, қонақүй және тамақтану бағасы да қолжетімді.



10. Ал, Беларусь Республикасы – Қазақстан тұрғындарына ең төменгі бағадағы визасыз демалыс ұсынады. Беларусь – табиғат аясында демалуды, аң немесе балық аулауды ұнататындар үшін тамаша таңдау. Сондай-ақ, қызмет құны арзан болғандықтан, тұратын жер жалдау мен тамақтану барысында ақша үнемдеудің қажеті болмайды.


11. Вьетнамда да 15 күн бойы визасыз, үлкен көлемдегі қаржылық шығын демалсаңыз болады. Бұл елге барып, жағажайларда демалуға, Азия стиліндегі сарайлар мен ғибадатханаларды аралауға және өте арзан, өте дәмді тағамдармен тамақтануға болады.


12. Черногорияға Қазақстаннан белгілі бір туристік маусымда визасыз баруға болады. Бір ерекшелігі – Черногорияда отбасымен демалуға арналған демалыс орындары өте көп. Сондай-ақ, аз ақша төлеп су спорт түрлері – параглайдинг, серфинг, дайвингтен ләззат алуға және ежелгі бекіністермен, Ежелгі Рим қоныстарының жәдігерлерімен, басқа да мәдениет ескерткіштерімен танысуға болады.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Шымкентке келген қонақтарға қаланың қай жерін көрсетер едіңіз?


Сәуірде қайда саяхаттаған дұрыс? Ең ТИІМДІ ұсыныстар