Мына тауларды бұрын соңды көрмегенсіз

0
7 509

Бұл таулар адамдарды өздерінің таңғажайып жаратылысымен таң қалдырады.


Мына тауларды бұрын соңды көрмегенсіз

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

11 Желтоқсанда әлем жұртшылығы Халықаралық таулар күнін атап өтеді. Таулар – табиғаттың ең әдемі және таңғажайып туындыларының бірі, олар адамдарды өзінің құпияға толы сұлулығымен және ғажайып бітімімен таң қалдырады. Ендеше, біздің ғаламшарымыздың ең әдемі және ерекше тауларымен танысыңыз.


Қытайдың түрлі түсті таулары (қызғылт бұлт)

Қытайдың Ганьсу провинциясына туристер әлемнің түкпір-түкпірінен көптеп келеді. Себебі, онда ең басты жергілікті көрікті орын – Дэнксия ландшафты (қызғылт бұлт) бар. Қытайдағы бұл түрлі-түсті тау бүкіл әлемге белгілі. Бұл сұлулықтың қалыптасуы көптеген миллион жыл бұрын құмтас пен басқа да минералды шөгінділердің жинақталуы нәтижесінде басталған. Ауа мен су тау жыныстарының баяу тотығуына ықпал етіп, осы ерекше таудың пайда болуының себебі болған.


Хуаншань (сары таулар)

Бұл да Қытайдың шығыс бөлігіндегі тау қыртысы. Бұл аудан көне заманнан бері қытай суретшілері мен ақындары жырлаған қарағай және гранитті жартастарымен танымал. Сондай-ақ, Хуаншань ауданы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының тізіміне кіреді және ҚХР ұлттық паркі болып табылады. Зерттеушілердің айтуынша бұл таулар 100 миллион жыл бұрын қалыптасқан. Кейінірек ландшафт мұздықтардың әсерінен басқаша пішінге түскен. Сонымен қатар, мұндағы бұлттардың деңгейі тау шыңдарының деңгейінен төмен болғандықтан, бұл ауданда қызықты жарық әсерлері көп байқалады екен.

Кайлас

Аталған Кайлас тауы Тибеттің батысында орналасқан. Миллиондаған жыл бұрын бұл тау мұхит түбінен үстіртпен бірге көтерілген, содан кейін су мен жел оның қырларын алып, пирамидалық пішін берген. Сондай-ақ, төрт әлемдік дін де Қайласты қасиетті орын деп санайды. Индуистер санасында Кайласта құдіретті Шива Құдай өмір сүреді деген сенім қалыптасқан. Ал, Шығыс космологиясы тұрғысынан, Кайлас тауы – бейбітшілік осі өтетін орталық болып саналады. Кайлас қардан жасалған бас киімі бар пирамидалардан құралғандай көрініс беріп тұрады. Сонымен қатар, бұл таудың ең биік шыңы әлі анықталмаған, себебі тау биіктігі жыл сайын бірнеше ондаған метрге өзгеріп отырады.

Рорайма тауы

Таңғажайып, ерекше тегіс шыңы бар Рорайма тауы Венесуэлада орналасқан (Оңтүстік Америка). Оның шыңынан көрінетін пейзаждар өте әсерлі, өйткені ондағы көптеген өзендердің арнасы әртүрлі түсті кварц кристалдарына толы. Сонымен қатар, таудың өзі бір көрген адамды керемет жаратылысымен баурап алады.


Гранд-Каньон

Аризона штатының солтүстік-батысындағы жердің ең әдемі, қайталанбас бұрышының бірі – Гранд-Каньон. Гранд-Каньон әлемдегі ең үлкен де, ең терең де емес, бірақ ол жалаңаш тау жыныстарының мөлшері, тереңдігі және көптүсті қабаттарының үйлесімділігімен ерекше бағаланады. Бұл жер шатқалдар, сарқырамалар, үңгірлер, мұнаралар, кемерлер мен жыралардың үлкен кешені. Сондай-ақ, бұл шатқал әр жолы әртүрлі кейіпте көрінеді, ал Күн мен көлеңкелердің түсуі үнемі жартастардағы реңктерін өзгеріп отыруына әсер етеді. Сонмен қатар, Үлкен Шатқал – жердің төрт геологиялық дәуірінен тұратын ғаламшарымыздың ең ерекше орындарының бірі. Мұндағы су және жел эрозиялары шатқалда алып пирамида, мұнара, қайталанбас көріністі көрсететін бекініс қабырғаларының кескіндерін жасап кеткен.


Койот Бют баурайы, Аризона штаты, АҚШ

Бұл таулар Аризона мен Юта штаты арасындағы шекарада орналасқан. Ғалымдардың пікірінше, ол 190 млн. жыл бұрын құрылған. Оның баурайы Койот Бют – тамаша толқын кейпіндегі құмдақ тастардан тұрады.


Брайс Каньон

Бұл таңғажайып шатқал – Брайс ұлттық саябағының бір бөлігі, ол оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Бұл жел, су және мұз әсерінен көп жылдық эрозиямен қалыптасқан мыңдаған геологиялық құбылыстың құрылымы. Мұндағы көптеген жартастар керемет пішіндерге ие.


Шайтан мұнарасы

Бұл жұмбақ тау Вайоминг штатының (АҚШ) солтүстік-шығысында орналасқан. Оның биіктігі 386 метр, жартас осыдан 65 млн жыл бұрынғы жанартау белсенділігінің нәтижесінде пайда болған, ал ерекше фигуралық бүйірлері айналадағы жұмсақ жыныстардың эрозиясының салдарынан қалыптасқан.


Цинги де Бемараха

Цинги де Бемараха – Мадагаскардың батыс жағалауынан шамамен 80 шақырым жерде орналасқан ормандарға ұқсайтын таулар. Бұл таудың көп бөлігі малагасийліктердің тілінде «цинги» деп аталады. Шын лабиринттерден құралған Цинги де Бемарах таулары эрозия нәтижесінде, қышқыл жаңбыр мен судың әсерінен пайда болған. Уақыт өте келе бұлар ине секілді 30 метрлік әктас кейпіне енген.



Аспалы жартас

Аспалы жартас – Мельбурнға жақын, австралиялық Виктория штатының орталығындағы Диоген тауының бейресми атауы. Тау теңіз деңгейінен 718 метр және қоршаған жер бедерінің деңгейінен 105 метр биік. Аспалы жартас 1975 жылы Питера Уирдің мистикалық детективі «пикник у Висячей Скала» шыққаннан кейін, туристер арасында үлкен танымалдылыққа ие болған.


Тас толқыны

Батыс Австралиядағы ғажайып жартастар Перт қаласынан 340 шақырым қашықтықта орналасқан. Ғажайып гранитті тас қабығы цунами сияқты көрініс береді. Жартастың көрінетін бөлігі жер үстінен шамамен 15 метр биіктікке тең, бірақ оның көрінбейтін бөлігі де бар. Ғалымдардың пікіріне сәйкес, жартасты толқын 27 миллион жыл бұрын пайда болған. Сондай-ақ, бұл таңғажайып тауды табиғи қираудан қорғау үшін бөгет салынған.


Каппадокия

Түркиядағы Каппадокия жазық пейзажы фантастикалық фильмге декорация сияқты болып көрінеді. Теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте орналасқан ерекше әдемі ландшафт айға ұқсайды. Бұл биік төбелер ежелгі жанартаулардан пайда болған. Бүгінде бүкіл әлемнің туристері Каппадокияға осы ежелгі әлемді өз көзімен көру үшін ағылып барып жатады.


Міне, жер бетінде Сіз бен біз көрмеген осындай ғажайып табиғат тылсымдары бар. Оларға бірге куә болйық. Біздің апта сайынғы мақаламызды жіберіп алмаңыз!


Дайындаған: Б.Ерман

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Желтоқсанда аз ақшамен керемет жағажайда демалуды қалайсыз ба?

Көркіне көз тоймайтын қалаларды көргіңіз келсе...