"Жүрегінің түгі бар" жандар ғана саяхаттайтын орындар

0
4 192

Естеріңізде болса, алдыңғы мақалада «хоррор-туризм» жайында жазған болатынбыз. Сондай-ақ, сол мақаланың жалғасын, яғни әлемдегі ең қоқынышты туристік орындар туралы бүгін де оқи аласыздар.


иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жер бетінде қанша адам болса, сонша талғам мен таңдау болады. Бұны айтып отырған себебіміз – саяхаттауға да осы екі нәрсе тікелей әсер етеді. Яғни, барлық адам бірдей әсем табиғаты немесе тамаша демалыс аймағы бар орындарды таңдай бермейді, қорқынышты жерлерге де саяхаттағысы келеді. Енді, сол ең қорқынышты туристік орындармен танысайық:


1. Седлец моласындағы готикалық сүйек сақтайтын орын (Kostnice v Sedlci, Česko)


Чехияда Кутна Таулары деген шағын қалашық бар. XIII ғасырда ол қала елдің ірі сауда орталығы болған, алайда қалаға оба ауруы тарап, 1 жылда 30 000-ға жуық адам қайтыс болады және қала үлкен зиратқа айналған. Яғни, аурудан көз жұмған адамдарды Кутна Таулары қаласының маңындағы Седлец кентіне жерлеген.


Бірақ, ол зираттағы жер барлық адамды жерлеуге жетпей қалған. Сондықтан, ескі сүйектерді қазып алып, оларды жергілікті шіркеуге көшірген және босаған аумаққа жаңа мүрделерді көмген.


Көптеген адам сүйектері және бас сүйектерімен әшекейленген шіркеу қабырғалары


Ал, XVIII ғасырда осындағы монастырлық және бос жерлерді Шварценбергтер отбасы сатып алады да, ағаш ою шебері Франтишек Ринтті жалдайды. Ол хлорланған әктің көмегімен өлген адамдардың сүйектерін бояп, олардан Шварценбергтердің елтаңбасын, шіркеудегі құмыраларды, әшекейлер мен үлкен люстраларды жасайды.


Шварценбергтер елтаңбасы және адам сүйектерінен жасалған люстралар


Мұнда шамамен 40 000-дай қаңқа бар. Сондай-ақ, шіркеуге кіре берісте шебердің қолы қойылған тақтатас орналасқан.


2. Румыниядағы Бран қамалы (Castelul Bran)


Жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген мың саяхатшы Румынияға Бран мұражайын көруге, тік баспалдақтармен жүріп, дәліздер мен бөлмелерден ерекше лабиринттерді қарау үшін ағылып барып жатады. Готикалық қамал IV Влад князь туралы қорқынышты аңыздардың арқасында жергілікті тұрғындарға қатты әсер еткен.


Жергілікті гидтер Влад Дракула қайтыс болғаннан кейін қанішерге айналғанын айтып: «Әрбір түні қамалдағы сағат он екіні ұра бастағанда ол табыттан шығып, жас әрі әдемі қыздарды құрбандыққа шалады, яғни мойынынан тістеп, қанын ішеді. Сонымен қатар, Влад жарқанатқа, қасқырға немесе егеуқұйрыққа айналуы мүмкін. Құрбандар оған еріксіз бағынады, одан кейін тірі қалса, болған оқиғаны толығымен ұмытады», - дейді.


Қамалдағы карта ойнауға арналған арнайы үстелі бар бөлме


Бран қамалы 1992 жылы американдық режиссер Фрэнсис Форд Коппола «Дракула» фильмін түсіргенде қалпына келтірілді.



Пианиносы және қолдан жасалған кілемі бар қонақ бөлме



Қара еменнен жасалған Влад Дракуланың төсегі


3. Мельбурндағы ескі түрме


Танымал австралиялық мұражай өзінің жұмыс уақытында түрме болғанының арқасында көптеген туристерді тартады. Мұражай кешені қалалық сот ғимараты және Мельбурн полиция басқармасының арасында орналасқан.


Мұндағы қызметкерлер бұрынғы түрме тұрғындары туралы және мұражайдың қараңғы дәліздерінде түнде жүретін елестер туралы қорқынышты әңгімелер айтады, сонымен қатар, туристер тіпті елестер түсіп қалған фотосуреттерді де көре алады.


Мұражай коллекциясында өлгеннен кейінгі маскалар мен зұлымдықты елестететін естелік заттар бар. Ең танымалы – «өлімнің маскасы», ол қылмыскер мен Эдвардты өлтірген Келлидің өлгеннен кейінгі бетпердесі.



Айта кетейік, Мельбурндағы ескі түрмеге 12 жастан кіші балаларды кіргізбейді. Сондай-ақ, жексенбі және сәрсенбі күндері ересектерге арналған өте қорқынышты түнгі экскурсиялар болады.


4. Централия (Америка, Пенсильвания штаты)


Централия атты шағын қоныс жерінің астында 46 жыл бойы көмір шахталарында таралған өрт жанып жатыр. Қазіргі уақытта онда өмір сүру мүмкін емес, өйткені жерден үнемі шығып тұратын улы газ тыныс алуға мүмкіндік бермейді.


Тұрғындардың айтуынша, өрттің себепкерлері – шахтада жиналған қоқысты өртеп жіберген өрт сөндірушілер екен.




Ондағы қара жер жиі опырылады, тіпті жарылған асфалттардан ащы түтін шығады.



80-ші жылдардың басында бұл қалада 1000-нан астам адам өмір сүрген, ал бүгінде Централияда туристік кәсіппен айналысатын бірнеше адам ғана тұрады.


5. Гальштат (Австрия)



Гальштат қаласы Альпі тауы жартастарының арасында орналасқан. Қала ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасының тізіміне кіреді және 3000 жылдан астам уақыт бойы өздері өндіретін тұздарымен әлемге танымал. Бірақ, бір қиыны – қалада өмір сүретін орындар жетіспейді, тірілер де, өлгендер де бір жерде болады. Себебі, қоныс бір жағынан көлмен және екінші жағынан жартастармен шектелген.



Гальштаттағы жердің тапшылығы мәйіттерді жерлеудің осындай дәстүрін тудырған.


Адам өлгеннен кейін 10 жыл өткесін, суретшілер өлген адамның сүйегіне оның атын, тегін, бұрынғы мамандығын және қайтыс болған күнін көрсете отырып, сурет салады.

Сосын, сүйектерді жергілікті шіркеуге сақтауға береді, ал босаған жерде келесі жерлеу жүзеге асырылады.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Әлемдегі ең қорқынышы туристік орындар


Жердегі жұмбақ: Салмағы 300 келіден асатын тастар өздігінен жылжып жатыр (видео)