Құжаттарды Шымкент қалалық еңбек және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне әкелу керек.
ERNUR.KZ. 101 мың теңге көлемінде біржолғы көмектің кімдерге берілетіні белгілі болды, деп жазады elitar.kz.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының түсіндіруінше, бұл көмек:
- үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналарға;
- жұмыссыз отбасыларға арналған.
Бұл ретте отбасының әрбір мүшесінің табысы 2 АЕК-тен аспауы тиіс.
Жәрдемақы алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) мекенжай анықтамасы;
2) әрбір баланың туу туралы куәлігі;
3) банктегі жеке шоттың нөмірі;
4) Егер ажырасқанда - алимент туралы анықтама;
5) бір жасқа дейінгі бала туралы анықтама.
Құжаттарды Шымкент қалалық еңбек және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне әкелу керек.