Оқу жылының басынан бері оқушылар арасында КВИ-дің 300 жағдайы тіркелген.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Үшінші мегаполисте 32 мектеп карантинге жабылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мәліметке сәйкес, Шымкент қаласында 2021 жылғы 1 қаңтардан 18 сәуірге дейін оқушылар арасында КВИ-дің 275 жағдайы тіркелген.
2020-2021 оқу жылының басынан мектеп оқушылары арасында коронавирустық инфекцияның 300 жағдайы тіркелген. Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті КВИ-дің барлық тіркелген жағдайлары бойынша эпидемиологиялық тексерулер жүргізген. Осылайша, КВИ-дің 300 жағдайының 113 күндізгі (оффлайн) режимде, 187 оқушы қашықтықтан (онлайн) форматында оқығаны анықталды.
Департамент КВИ таралуын болдырмау мақсатында барлық қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді. Оның ішінде мектептерде қорытынды дезинфекция жүргізіліп, 86 мектепте 14 күнге карантин жарияланды.
Бүгінгі таңда 32 мектепте карантин жарияланған, олар - № 24, 25, 50, 79, «Физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі», «Химия-биолигиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі», «Жас дарын», «Достық», 114, 94, 33, 41, 46,7, 99, 40, 101, 3, 21, 20, 43, 1, 8, 91, 12, 90, 5, 138, 30, 71, 113, 76, 122 мектептер.
Аумақтық басқармалардың мамандары тұрақты негізде қала мектептерінде санитариялық-эпидемияға қарсы талаптарды сақтау бойынша коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға бағытталған санитариялық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы білім беру объектілері күшейтілген санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда.
Айта кетейік, Шымкент қаласы "қызыл" аймақта.