​Әйелінің көңілдесін пышақтап өлтірген шымкенттік 11 жылға сотталып кетті

0
1 881

Әйел көңілдесіне 1 миллионға жуық несие әперіп, оны өзі төлеп жүрген.


​Әйелінің көңілдесін пышақтап өлтірген шымкенттік 11 жылға сотталып кетті

Шымкентте әйелінің көңілдесін өлтірген ер адамға сот 11 жылға бас бостандыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымқаладағы шағын аудандардың бірінен азық-түлік дүкенін ашып, нәпақа тауып жүрген ерлі-зайыптылардың арасына тауар тасымалдаушы ер адам түскен көрінеді. Жасы 30-35 жастағы әйел дүкенге тауар әкелуші жігітке көңілі құлап, нақсүйерімен күйеуінің көзіне шөп сала бастаған. Одан бөлек, ашынасына басы айналған әйел қымбат сыйлықтар жасап, тіпті банктен аса ірі сомаға несие де алып берген.

Әйелінің арсыз әрекеттері туралы күйеуі ел-жұрттан естіп жүрсе де сене қоймапты. Тек банктен 800 мың теңгенің несиесі мен өсім ақша туралы ресми хабарлама алғанда ғана барып, секем алған. Әйелін қыспаққа алып, ақыры ашынасының бар екендігін мойындатқан. Тіпті, несиесінің өтемін көңілдес еркек емес әйелінің төлеп жүргенін білген.

Қаны қарайған күйеуі тура көңілдес жігітке қарай тартып отырады. Асхана пышағымен әйелінің ашынасының бірнеше жерінен пышақтап тастаған. Алған дене жарақаттарынан өзгенің әйеліне көз салып, көңілдес болған жәбірленуші ауруханада көз жұмған.

Бұл туралы Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабев мәлімдеді.

Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген.