ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабына сәйкес 3 түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 3 азаматқа 36 075 тенге көлемінде айыппұл салынды.
Әл-Фараби ауданы аумағындағы заңсыз дүңгіршектерді жою бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласы әкімдігінің «Қала аумағындағы ретсіз сауданың алдын алдын-алу, жою жұмыстарының барысы» туралы қаулысына сәйкес, қаланың сәулеттік келбетін сақтау мақсатында Әл-Фараби ауданында ретсіз саудамен және заңсыз дүңгіршектермен күрес шаралары жалғасуда.
Осыған орай, кезекті рет аудан әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті учаскелік полицейлер өкілдерінің қатысуымен іс-шара жұмыстары өткізілді.
Іс-шара барысында, ҚР-ның «Жер» Кодексінің 43-бабына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 136-шы және 204-бабына сәйкес,Бәйдібек би даңғылы бойында орналасқан «ТUMAN» кафесінің жаздық бастырмасы, Ә. Жангелдин көшесі «LAVASH» дүңгіршектері иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, аталған заңсыз дүңгіршектер орындарынан алынып, қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы бойынша орнынан алынған заңсыз дүңгіршектердің саны 53-ті құрап отыр.
Содай-ақ, Рашидов көшесінің бойындағы ретсіз сауда иелеріне Әл-Фараби аудандық жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабына сәйкес 3 түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 3 азаматқа 36 075 тенге көлемінде айыппұл салынып, 7 ескерту хаттамалары толтырылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.