Антикор өкілдері шымкенттік кәсіпкерлермен кездесті

0
509

Кәсіпкерлерге барлық бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Антикор өкілдері шымкенттік кәсіпкерлермен кездесті

Шымкент қаласының Антикор жанындағы бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топ өкілдері кәсіпкерлермен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесу барысында Шымкент кәсіпкерлері жерге құжаттарды рәсімдеу кезіндегі кедергілерге шағымданады
Мәселен, қаланың 30-ға жуық кәсіпкері жердің нысаналы мақсатын өзгерту, үлкен салық мөлшерлемесіне, сауда орындарын беру, құрылыс объектілерін қабылдау, құрылысқа рұқсат беру және жеңілдікпен несие беру кезіндегі кедергілерге шағымданды.

Кәсіпкерлерге барлық бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қоса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сүйемелдеуіне 4 өтініш қабылданды.