«Әрбір тұрғынның мәселесі маңызды»: Е.Айтаханов қала тұрғындарын қабылдады

0
939

Шымкент әкімі қабылдауында болған кез-келген азамат өздерінің ой-пікірлері мен өтініштерін еркін айта алатынын жеткізді.


«Әрбір тұрғынның мәселесі маңызды»: Е.Айтаханов қала тұрғындарын қабылдады

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент әкімі жеке қабылдауда екі сағат бойы қала тұрғындарының мәселелерін тыңдап, оларды шешу үшін жауапты сала басшыларына тиісті шараларды қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, әкім қабылдау барысында әрбір тұрғынның мәселесі маңызды екенін және қабылдауында болған кез-келген азамат өздерінің ой-пікірлері мен өтініштерін еркін айта алатынын атап өтті.

Айта кетейік, әкімнің жеке қабылдауына онлайн режимде қала әкімдігінің shymkent.gov.kz ресми сайты арқылы және Н.Назарбаев даңғылы 10 мекенжайында орналасқан қала әкімдігінің 107 кабинетіне келіп жазылуға болады.