Газ құбырын бүлдіріп кеткен экскаватор жүргізушісі іздестіріліп жатыр.
Белгісіз экскаватор жүргізушісінің салғырттығынан Шымкенттегі 6500 үй көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Төтенше жағдай 30 қыркүйек күні кешкі сағат 10-дар шамасында Алматы айналма жолында орын алған.
Оқиға орнына авариялық құтқару бригадасы келген. Тексеру жүргізген мамандар экскаватор жүргізушісінің жерасты жоғары қысымды Ду-315мм полиэтилен газ құбырына зақым келтіргенін анықтаған.
Салдарынан қазір сол маңдағы 6500 тұтынушы мен 35 бірлік коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын, 6 өнеркәсіптік кәсіпорын газдан ажыратылған.Олардың ішінде "Акниет", "Жиделі", "Турлан", "Ынтымақ" мөлтекаудандары және "Қайнар", "Ұялыжар", "Ынтымақ", "Бадам" ауылдары мен "Ордабасы -Құс", "Қайнар-құс", "Gold Алюминий" ЖШС -і бар.