Биыл Шымкентте бюджет есебінен салынған 4 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі

0
437

Биыл қалада тұрғын үй құрылысы 11,4 пайызға артып отыр.


Биыл Шымкентте бюджет есебінен салынған 4 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі

Биыл Шымкент қаласында бюджет есебінен салынған 3 512 пәтер пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мүлкеманов брифинг барысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, биылғы жылы қалада бюджет есебінен 479,9 мың шаршы метрлі 5 912 пәтерлі 97 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
- коммуналдық 122,2 мың шаршы метр 1 656 пәтер 26 үй;
- кредиттік 251,9 мың шаршы метр 3 176 пәтерлі 53 үй;
«Shymkent» ӘКК 105,8 мың шаршы метр 1 080 пәтерлі 18 үй.
Жыл соңына дейін 298,6 мың шаршы метрді құрайтын 57 көп қабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Ол 3 512 пәтер. Одан бөлек, ағымдағы жылы 1 580 пәтер сатып алу жоспарланған.
- Жұмысшы жастарға 900 пәтер;
- Көп балалы аналарға 444 пәтер;
- Халықтың әлсіз топтарына – 236 пәтер.

Биыл қалада тұрғын үй құрылысы 11,4 пайызға артып отыр.