Биыл Шымкентте құрылысы жүріп жатқан үйлерге бюджет есебінен газ дабылқаққыш орнатылады

0
778

Бұл туралы Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Әбдінұров брифинг барысында мәлімдеді.


Биыл Шымкентте құрылысы жүріп жатқан үйлерге бюджет есебінен газ дабылқаққыш орнатылады

Биыл Шымкентте құрылысы жүріп жатқан үйлерге биыл бюджет есебінен 2 972 газ дабылқаққыш (газосигнализатор) орнату жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Әбдінұров брифинг барысында мәлімдеді.
2022-2023 жылғы жылыту маусымына алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу үшін жыл басында аудан әкімдіктері мен төтенше жағдайлар басқармасы және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ басшыларына хат жолданып, жыл соңына дейін кесте бекітілген. Бекітілген кестеге сәйкес, қала тұрғандарына газбен байланысты оқыс-оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында газды пайдалануда техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл – профилактикалық жұмыстың мақсаты қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, - деді М.Әбдінұров.
Спикердің айтуынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің сайтында Шымкент қаласында тіркелген 29 компания үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті аттестат алған. Талдау жұмыстарының нәтижесінде қалада бүгінгі күнге 13 компания қызмет атқарады. Ал, түтіндік мұржаларын және желдеткіш арналарын тазалайтын 7 мекеме бар.
ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 19 бабының 3 тармақшасына сәйкес, тұрғындар тұрмыстық газды пайдалану барысында аттестатталған, мамандандырылған мекемелермен (ВДГО) өздеріне тиесілі газ жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті делінген.
Үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті шарт жасалуын цифрландыру мақсатында, «I-Shymkent» порталына 13 компанияның тиісті мәліметтері еңгізіліп, іске қосылған. Аталған бағдарлама арқылы үй-ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге келісім шартты электронды түрде жасауға мүмкіндік бар. Қала тұрғындары үйінде отырып 13 мекеменің қызметтерімен өз таңдауы бойынша онлайн келісім-шартқа тұруға мүмкіншіліктері бар.