Бүгін Шымкентте ҰБТ-ның алғашқы сынағы басталды

0
1 290

Шымкент қаласында ұлттық бірыңғай тестілеу қаңтар айының 16-19 күндері аралығында 3 бірдей жоғарғы оқу орнында өтеді.


Бүгін Шымкентте ҰБТ-ның алғашқы сынағы басталды

Шымкент қаласында Ұлттық бірыңғай тестілеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында білім беру мекемелері басшыларымен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, жоғарғы оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі. Яғни, ҰБТ-дан қажетті балл ала алмаған оқушылар қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында қайта сынақ тапсыра алады. Бұл ретте оқуға түсушілер білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін маусым айында өткізілетін ҰБТ-ны да тапсыруы қажет. Жалпы, ҰБТ-ны тапсыру форматы өзгеріссіз қалдырылған. Бұл норма жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында енгізілген.

Сондай-ақ, білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүзеге асырылып отырған «Sanaly urpaq», «Адал ұрпақ» жобаларының жүзеге асырылуына тоқталып, аталған жобалар аясындағы жұмыстарды жандандыруға шақырды.

Кездесу барысында қатысушылар жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеудің түрлі әдістерін, соның ішінде жастардың басты адами қасиеттерін тәрбиелеуге бағытталған "адалдық дүкендерін" іске асыруды қарастырды.

Кездесуде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен мемлекеттік сатып алуды жоспарлау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында ұлттық бірыңғай тестілеу қаңтар айының 16-19 күндері аралығында 3 жоғарғы оқу орнында өтеді.