Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 33- сессиясы өтті
ERNUR.KZ. Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 33- сессиясында Бұхарбай Парманов Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұхарбай Рысқұлұлы 1962 ж. 20 қазанда дүниеге келген, білімі – жоғары. Еңбек жолы 1980 ж. Ленин ауданы Әлішер Навои колхозының колхозшысы болудан басталған. Мемлекеттік қызметті 1986 ж. Кентау қалалық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекциясының экономисті болудан басталды.
_
1987-1988 жж. Ленин аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисті,
1988-1989 жж. Ленин аудандық қаржы бөлімінің аға салық ревизоры-инспекторы,
1989-1990 жж. Ленин аудандық қаржы бөлімінің бас салық ревизоры-инспекторы қызметтерін атқарды.
1994-2002 жж. аралығында Салық және қаржы полициясы органында қызмет атқарған.
2007-2014 жж. ОҚО Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары,
2014-2016 жж. Сарыағаш ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
2016 ж. тамыз айының 12 жұлдызынан күні бүгінге дейін Төлеби ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.