"Денсаулық сақтау саласында басты мақсат – қызмет сапасын арттыру" - Әйтенов

0
530

Мемлекеттік медициналық ұйымдар 100 пайыз жаңадан компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді.


ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың денсаулық сақтау саласындағы басты мақсат – қызмет сапасын арттыру екенін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Жолдауда Президент медицина саласының инфрақұрылымын жақсартуды тапсырды. Бұл бағытта соңғы 2 жылда медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту деңгейі 71,5 пайыздан 81 пайызға жететін болады. Одан бөлек, мемлекеттік медициналық ұйымдар 100 пайыз жаңадан компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді. Сонымен бірге, жеке инвесторлардың есебінен 5 медицина және ПЭТ/КТ сәулелі терапия орталықтары ашылады. Қазіргі таңда екі емхананың құрылысы, №1-ші ауруханадағы трансплантация орталығын жаңарту жұмыстары жүргізілуде», - деді М.Әйтенов.
Брифинг барысында қала әкімі биылғы жылы 1000 орындық клиниканың құрылысын бастау үшін, жергілікті бюджеттен инженерлік инфрақұрылымын тартуға 835 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталғанын атап өтті.