"Екіжақты пневмония": Қайтыс болған шымкенттік 9 дәрігер туралы видео тарады

0
1 716

Олардың диагнозы - екіжақты пневмония.


Әлеуметтік желіде індетпен күресіп жүріп қайтыс болған 9 дәрігер туралы бейнеролик тарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Видеода көрсетілген 9 дәрігер де өз саласының үздігі болған. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық басқармасының баспасыз қызметі мәлімдеді.

"Бейнероликте көрсетілген 9 медицина қызметкері Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты мемлекеттік медициналық мекемелерінде жұмыс істеген. Медицина мамандары 03.06.2020 ж. - 07.07.2020 ж. аралығында қайтыс болған.

Медициналық қызметкерлердің өлімінің себебі - екі жақты пневмония. Марқұм болғандар хирург, гинеколог, лаборант, узист сынды медицина мамандары болып қызмет атқарған. Бақилық болған ақ халатты абзал жандар денсаулық сақтау саласының үздік мамандары", - делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдемесінде.

ERNUR.KZ сайтының ұжымы ел басына күн туған шақта індетпен күресіп жүріп қаза болған дәрігерлердің отбасы мен туған-туысына, ұжымдастарына қайғырып көңіл айтады.