Қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 40,9 пайызға артқан.
Өткен жылы Шымкент қаласының экономикасына тартылған қаражат көлемі 278,5 млрд теңгені құрап, 40,9 пайызға артты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде мемлекеттік бюджеттен - 124,1 млрд теңге, жеке көздерден - 154,4 млрд теңге. Осылайша, былтырғы қалаға тартылған инвестиция көрсеткіші бойынша Шымкент елімізде екінші орынға ие болды.
2020-2025 жылдар аралығында құны 1,4 трлн теңгені құрайтын 157 инвестициялық жобалардың базасы әзірленген. Оның ішінде өткен жылы шетел инвесторларының қатысуымен 13,1 млрд теңгеге 350 жаңа жұмыс орнымен 5 жоба іске асырылды.
Қалада инвестициялық жобаларды бақылау мен мемлекеттік бағдарламаларды сапалы іске асыру мақсатында пилоттық режимде «Жобалық басқару кеңсесі» жұмыс істеуде.
Кәсіпкерлерге оңтайлы жағдай жасау үшін «Бизнеске арналған Үкімет» фронт-офисі ашылып, шағын және орта бизнес үшін екінші деңгейлі банкттер тарапынан 35 млрд теңге несие берілген.
Қалада бизнесті дамыту үшін мемлекет тарапынан қолайлы жағдайлар жасалуда. Қазір мегаполисте 72 мыңнан астам бизнес субъектісі, оларда 160 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ үлесі 28,4%-ды құрайды.