​Газ толтыру компрессорлық станциялары сәуір айында іске қосылады

0
2 306

Инвестицияның көлемі - 2 млн АҚШ доллары.


​Газ толтыру компрессорлық станциялары сәуір айында іске қосылады

Шымкент қаласындағы газ толтыру компрессорлық станциясын сәуір айына дейін іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында автомобиль газ толтыру компрессорлық станциясының (АГНКС) құрылысы жоспарға сай атқарылуда.

2020 жылы қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында метан газымен жүретін 590 автобус алынды. Аталған автобустарды газ-метанмен қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында газ толтыру компрессорлық станцияларын салу жоспарланған еді.

Бұл ретте отандық инвестор «АГНКС Қазақстан» ЖШС-мен келіссөздер жүргізіліп, газ (метан) станциясын өз есебінен салу келісілген.

Бүгінгі таңда нысанда метал конструкцияларын орнату, инженерлік желілерді өткізу және құрылғылардың монтаж жұмыстары жүргізілуде. Газ компрессорлық станциясын биыл сәуір айына дейін іске қосу жоспарланып отыр.