Жоғарғы санатты дәрігер көшбасшылық қасиеттерге және ұжымның жұмысын ұйымдастыру қабілетіне ие.
Шымкенттік дәрігер АИТВ жұқтырған жүкті аналарға медициналық көмек көрсетеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Эльвира Имангалеева 2006 жылдан бастап Шымкент қаласында балалар арасында АИТВ ошағы анықталған сәттен бастап, қауіпті инфекцияға шалдыққан балаларды емдеп келеді. Білікті маман бүгінде Шымкент қаласындағы ЖИТС орталығында жұмыс істейді.
Балалардың болашағы бей-жәй қалдырмаған дәрігер, бүгінде біліктілігімен АИТВ жұқтырған жүкті аналарға да медициналық көмек көрсетіп келеді. Нәтижелі емдеудің арқасында сау балалардың дүниеге келуіне ықпал етуде. Анадан балаға берілудің алдын алу шараларын жүргізу арқасында АИТВ жұқтырған 612 анадан дені сау бола туылған.
Эльвира Канаткалиқызы Петропавл қаласының 3 қалалық ауруханасы базасында 1984-1986 жылдары балалар бөлімінің меңгерушісі, 1987-2006 жылдары қалалық жұқпалы ауруханасында дәрігер инфекционист, бөлім меңгерушісі болып жұмыс атқарған.
Э.Имангалеева 2016 жылы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталған. Бүгінде білікті маман. Жоғарғы санатты дәрігер көшбасшылық қасиеттерге және ұжымның жұмысын ұйымдастыру қабілетіне ие. Мемлекеттік және орыс тілдерін сапалы деңгейде меңгерген, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысады.