Қазақстанда әйелдер мен балалардың жағдайын зерттеуге бағытталған MICS-2024 басталды

0
184

MICS зерттеуінің басты мақсаты – Қазақстандағы әйелдер мен балалардың жағдайын бағалауға арналған негізгі көрсеткіштерді жинақтау.


Қазақстанда әйелдер мен балалардың жағдайын зерттеуге бағытталған MICS-2024 басталды

2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Қазақстанда халықаралық деңгейде танымал зерттеу – ЮНИСЕФ әзірлеген Халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) басталды.

Бұл туралы «МИКС ( Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу) халықаралық зерттеуі туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жанабаева Меруерт Болатқызы баяндап берді.

Меруерт Болатқызының айтуынша, бұл зерттеу еліміздің 24 мыңнан астам үй шаруашылығын қамтиды. Қазақстан үшін бұл MICS зерттеуі төртінші рет ұйымдастырылып отыр: бұған дейін 2006, 2010 және 2015 жылдары өткізілген.

MICS зерттеуінің басты мақсаты – Қазақстандағы әйелдер мен балалардың жағдайын бағалауға арналған негізгі көрсеткіштерді жинақтау. Бұл мәліметтер әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларындағы проблемаларды анықтауға, олардың шешімдеріне бағытталған саясаттарды жақсартуға мүмкіндік береді.
2024 жылғы MICS зерттеуі Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігімен бірлесе отырып, БҰҰ-ның халықты қоныстандыру қоры (ЮНФПА) және Азия даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Осы халықаралық серіктестіктердің қолдауы MICS зерттеуінің жоғары деңгейдегі сенімділігін қамтамасыз етеді.
Биылғы зерттеу әйелдер мен балалардың денсаулығы, тамақтану, білім беру, санитария, ерте жастағы даму сияқты маңызды аспектілерді қамтиды.

Зерттеу нәтижелері ұлттық саясаттың тиімділігін арттыруға, осы мәселелердің шешімін табуда нақты ұсыныстар беруге мүмкіндік береді.
Қазақстандағы MICS зерттеуі – елдің әлеуметтік саласын дамытуға бағытталған маңызды қадам. Ол әйелдер мен балалардың өмір сапасын жақсартуға, денсаулық пен білім беру салаларындағы кемшіліктерді жоюға жол ашады.
Бөлісу