Көпбалалы ана балаларын әкімдіктің ғимаратында қалдырып кеткен

0
1 112

Ол осылайша жергілікті атқарушы органдар назарын аударып,​ әлеуметтік мәселелерін шешуді қалаған.


Көпбалалы ана балаларын әкімдіктің ғимаратында қалдырып кеткен

Шымкент қаласында баспанасы жоқ көпбалалы ана қос баласын әкімдіктің ғимаратында қалдырып кеткен. Төрт баланы жалғыз өзі өсіріп отырған ана әлеуметтік ахуалын айтып, әкімдіктен тұрғын үй талап еткен көрінеді. Оқиға 12 шілде күні түс мезгілінде болған. Жалдамалы пәтер ақысын төлей алмай, күнделікті ас-ауқатына ақша жетізе алмай амалы таусылған ана 5-7 жас шамасындағы ұлы мен қызын Абай аудандық әкімдігінің ғимаратында қалдырып кеткен деп хабарлайды ERNUR.KZ. тілшісі.

Осылайша жергілікті атқарушы органдар назарын аударып, әлеуметтік мәселелерін шешіп беруді талап еткен.

Жасы 40-тан асқан Г. есімді ана төрт баланы жалғыз өзі асырап отыр. Балалардың төртеуі де кәмелетке толмаған. Бастарында тұрақты баспана жоқ. Жалғызбасты ана төрт баласымен пәтер жалдап тұрып жатыр екен. Пәтер ақысы мен күнделікті азық-түлік алуға ақша жеткізе алмай қиналып жүрген көрінеді.

Осы секілді мәселелерін айтып, шарасыздықтан Абай аудандық әкімдігіне келген. Әкімдіктің қызметкерлері көпбалалы ананың мәселелеріне әбден қанық екендігін айтады.

"Көпбалалы ана мемелекет тарапынан тағайындалған әлеуметтік төлем алуда. Яғни 21мыңға қол жеткізген. Тағайындалған қаржының бір бөлігін алған. Пәтер жалдап тұрғандықтан "тұрғын үй беріңдер" деп талап қойды. Тұрғын-үй инспекциясына барыңыз, кезекке тұрыңыз дедік. "Кезексіз үй беріңдер" деп талап қойды. Асыраңдар онда деп екі баласын қалдырып кетті. Аудандық полиция бөліміндегілер әйелді ертіп әкеп, әкімдіктің қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде анасы балаларын ап кетті "-дейді Абай ауданының әкімі Б.Парманов.