Жаңа талаптарға сай жабдықталған мектепті аралаған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өз пікірін білдіріп, оң бағасын берді.
Шымкентке арнайы іс сапармен ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
А.Аймағамбетов алдымен мегаполистегі жоғарғы оқу нысандарына барды. Сапар барысында қаламыздағы жаңадан бой көтеріп, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың есімі берілген 1200 орынға шақталған жаңа білім ошағын аралады.
Жаңа талаптарға сай жабдықталған мектепті аралаған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өз пікірін білдіріп, оң бағасын берді.
Айта кету керек, Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұлы ақынның есімі берілген мектепте 2 ауысымда 2400 оқушы оқи алатын болады. Мектепте балалардың толыққанды білім алуы мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға барлық жағдай жасалған. 75 сынып компьютер тағы да басқа қажетті құралдармен жабдықталып, білім мекемесінде оқушылардың қолөнердің көптеген түрлерімен айналысуына мүмкіндік жасалған.
Мектептің құрылысына 1,5 млрд теңге жұмсалған.
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім мекемесінің ұжымына сәттілік тілеп, Шымкенттегі үш ауысымды оқу мәселесін шешуді тапсырды.