Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өтеді

0
1 045


Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өтеді

2018 жылдың 7 желтоқсаны күні сағат 15:00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент қаласының әкімдігімен бірге мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жәрмеңке барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетіледі. Іс-шараға қала әкімдігінің басқармалары, көші-қон салаларының уәкілетті өкілдерімен қатар ХҚКО мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері қатысады.

Өтетін орны: «Шымкент Плаза» сауда орталығы.

Дереккөз: Шымкент қаласының баспасөз қызметі.