​MICS-2024 САУАЛНАМАСЫ: 24 мың үй шаруашылығын қамтиды

0
587

Әйелдер мен ерлерге арналған сауалнамаларда жұмыспен қамту, неке, психикалық денсаулық мәселелері қарастырылса, балаларға арналған сауалнамаларда ерте даму, иммундау және балалар еңбегі тақырыптары қамтылған.


​MICS-2024 САУАЛНАМАСЫ: 24 мың үй шаруашылығын қамтиды

2024 жылдың 2 қыркүйегі мен 29 қарашасы аралығында Қазақстанның 20 өңірінде MICS (Халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу) аясында 24 мың үй шаруашылығында сауалнама жүргізіледі.

Бұл зерттеу елдің қалалары мен ауылдарында 1000 учаскіде өтеді, олар халықаралық әдіснама бойынша арнайы таңдалып алынған.

Бұл туралы «МИКС ( Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу) халықаралық зерттеуі туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жанабаева Меруерт Болатқызы баяндап берді.

Зерттеу сапасын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық статистика бюросының тәжірибелі қызметкерлері үшін республикалық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында интервьюерлер MICS сауалнамаларын дұрыс жүргізу бойынша қажетті білім мен дағдыларды меңгерді.
Сауалнамаға қатысу – ерікті.
Зерттеуге қатысу толықтай ерікті. Заңнамаға сәйкес, деректерді жинау үдерісіне орталық және жергілікті атқарушы органдардың араласуына жол берілмейді. Интервьюерлер Бюро, ЮНИСЕФ, Азия даму банкі және БҰҰ-ның халықты қоныстандыру қорының (ЮНФПА) логотиптерімен жабдықталған киім киеді. Әрбір интервьюердің бейджінде сауалнама туралы ақпарат алуға болатын ресми веб-сайттың QR сілтемесі көрсетілген.
MICS-2024 аясында бес негізгі сауалнама түрі әзірленді:
1. Үй шаруашылығының сауалнамасы
2. Әйелдерге арналған сауалнама
3. Ерлерге арналған сауалнама
4. Бес жасқа дейінгі балалар туралы сауалнама
5. 5-17 жас аралығындағы балалар туралы сауалнама
Әрбір сауалнама тұрмыс пен денсаулықтың маңызды аспектілерін қамтиды. Әйелдер мен ерлерге арналған сауалнамаларда жұмыспен қамту, неке, психикалық денсаулық мәселелері қарастырылса, балаларға арналған сауалнамаларда ерте даму, иммундау және балалар еңбегі тақырыптары қамтылған.
Бөлісу