Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданының жастарымен кездесті

0
1 261

Кездесу барысында Еңбекші ауданында жастар саясатын жүзеге асыру жайы баяндалды.


Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданының жастарымен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін Еңбекші ауданыны жастарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл кездесу әкімдік жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің ұйымдастыруымен ашық алаңда еркін форматта өтті. Кездесу барысында Еңбекші ауданында жастар саясатын жүзеге асыру жайы баяндалды.

Қала әкімі жастар арасындағы өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар өз белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлерін білдірді.
М.Әйтенов мегаполистің дамуында жастардың үлесі, жауапкершілігі мен белсенділігінің аса маңыздылығын алға тартты. Олардың болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне, талантты жастарға жағдай жасап, барлық оң бастамаларды қолдауға дайын екендігін жеткізді.
Кездесу соңы естелік суретке түсуге ұласты.
Қала әкімі Абай ауданының жастарымен де кездесу өткізген болатын. Кездесу барысында Абай ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды. Қала әкімі жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлерін жеткізді.
Айта кетейік, Шымкент қаласының әкімі жастармен айына бір рет кездесу өткізетін болады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен әкім жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысында айтылған болатын.
Жастардың бүгінгі мәселесінің оң шешімі жарқын болашақтың кепілі екендігі белгілі.
Заман талабына сай өзгеріп отыратын бұл мәселелер ауқымды талдау мен жүйелі шешім жолдарын қажет етеді. Ал, мәселенің мәнін дұрыс анықтау, жастармен жүйелі кездесулер мен диалогтар арқылы мүмкін екені анық.
Осы мақсатта Шымкенттегі 4 ауданның жастары 4 блогқа бөлініп, олармен тұрақты кездесулер өтіп тұрады.