Мұрат Әйтенов шетелдік жұмыс күшін азайтуды тапсырды

0
644

Жұмысшылардың еңбек шарттарының бұзылмауын бақылауға алу қажеттігін айтты.


Мұрат Әйтенов шетелдік жұмыс күшін азайтуды тапсырды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов өткен жылы атқарылған және 2022 жылы жүзеге асырылатын жұмыстар бойынша есеп берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Басқарма басшысы өткен жылғы барлық көрсеткіштер бекітілген межеден асыра орындалғанын жеткізді. Атап айтқанда, жұмыскерлер арасында 30 жазатайым оқиға орын алып, 2020 жылмен салыстырғанда 37,2% төмендеді. 80 кәсіпорындағы 3 085 жұмыскерлердің 384 млн.теңге көлеміндегі жалақы қарыздары өтелді. 1 640 ұжымдық шарт мониторингтен өткізілді, ірі және орта кәсіпорындарда 2993 кәсіпорындар электрондық еңбек шарттарын енгізу жоспарланып, ол 31,3% асыра орындалды.
Биыл жергілікті еңбек күшін арттыру мақсатында жұмыскерлердің еңбек құқықтарының қорғалуын жетілдіру мақсатында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленетін болады:
- ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ұсыныстар;
- көлеңкелі экономикадағы еңбек табыстарын ресми бағыттарға өткізуді көздейтін ұсыныстар;
- төмен жалақы деңгейін көтеруді көздейтін ұсыныстар әзірленеді.
- жалақы қарыздарын болдырмау және еңбек дауларының алдын алу мақсатында мониторинг ұйымдастыру;
- әлеуметтік және медициналық әлеуметтк сақтандыру қорларынан түскен ақпараттарды саралау;
- проблемалық кәсіпорындардан тікелей мәліметтер жинақтау арқылы іске асырылу көзделеді.
Одан бөлек, биыл еңбек құқықтарын қамтамасыз ету бағытында жеке және заңды тұлғалардың 1000-нан аса арыз-шағым, жолданымдары қаралады. Қала аумағында ведомствоаралық сипатта іс-әрекет етуші Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі құрылған үш жақты комиссия жұмыстары күшейтілмек.
Жылды қорытындылаған қала әкімі еңбек ұжымдарында, өндірістік кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайлары және еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, төменгі жалақы мөлшерін көтеру бойынша түсіндіме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыруда, шетелдік жұмыс күшін азайтуды тапсырды. Жұмысшылардың еңбек шарттарының бұзылмауын бақылауға алу қажеттігін айтты.