«Оңай олжа орға жығады»: Шымкентте жастармен кездесу ұйымдастырылды

0
559

Аталған кездесудің мақсаты – жастарды қоғамда орын алып жатқан келеңсіз жағдайлардан сақтандыру.


«Оңай олжа орға жығады»: Шымкентте жастармен кездесу ұйымдастырылды

Шымкент қаласында «Оңай олжа орға жығады» атты жастармен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кездесудің мақсаты – жастарды қоғамда орын алып жатқан келеңсіз жағдайлардан сақтандыру.
Басқосуға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы М.Исахов, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаментіне қарасты «Студенттерге психологиялық көмек көрсету» орталығының жетекшісі Г.Айтжанова, Әл-Фараби ауданының ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы М.Қуанышбекұлы, жайдарманшы М.Қалбаева, тәжірибелі психолог Ж.Арыстанова қатысты. Жанаргүл Арыстанова интернет-алаяқтық және қаржы пиримидасы секілді қоғамда дендеген кеселден сақтану тақырыбын қозғады.
Қаржы пирамидасы – Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің дерті. Бүгінде нарық пен маркетингті мықты меңгеріп алғандар «аңқау елге арамза молданың» кебін киіп жүр. Алаяқтар ең алдымен өзінің визуалдық әдемі өмірін интернет арқылы көрсетіп, мотивация беру арқылы өз компаниясын жарнамалайды. Оңай жерден ақша тапқысы келгендер бұл көрініске қызығып, өзінің бар ақшасын пирамидаға салады. Тіпті, үйлерін кредитке тігіп, алданып жатқан фактілер өте көп. Осы жөнінде жеке өзіме көптеген адамдар кеңес алуға келеді, - деді Гульнара Айтжанова
Мейірман Қуанышбекұлы қаржы пирамидасының кесірінен қаншама жастар алданып, көптеген отбасының шырқы бұзылуда, дейді.
– Соңғы кезде алаяқтықтың арбауына түсіп, шағымданушылар көбейді. Олар инвестициялық бағдарлама туралы жалған ақпарат таратып, «салған ақшаны аз уақытта екі есеге көбейтіп табысқа кенелесіз» деп талайды алдап соққан. Осындай жағдайға тап болған азаматтар бізге келіп арыз-шағым жазуына болады. Ол үшін жеке басын куәландыратын құжатпен келеді. Егер 18 жасқа толмаған жағдайда ата-анасымен келуі керек, - деді Әл-Фараби ауданының ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы М.Қуанышбекұлы.
Басқосу барысында жауапты мамандар жастарға қажетті ақпарат беріп, сақтану жолдарын мұқият түсіндірді.