"Отбасы құндылығы": Шымкентте жастармен кездесу өткізілді

0
633

Аталған кездесудің мақсаты - жастар мен жасөспірімдер арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың, күйзелістік жағдайлардың алдын-алу.


Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы құндылығы» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған кездесудің мақсаты - жастар мен жасөспірімдер арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың, күйзелістік жағдайлардың алдын-алу.
Түсіндірме жұмыстары барысында ХХІ ғасырдағы отбасы моделін қалыптастыру, отбасындағы бала тәрбиесі, отбасындағы ана мен әкенің рөлін нығайту, қоғамдағы отбасылық-тұрмыстық бағытындағы өзекті мәселелерді талқылап, өз пікірлерін ортаға салды.
Кездесу Казақстан психологтар лигасының мүшесі ,ҚР Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің спикері , Нұр-Сұлтан қаласы әкімі жанындағы Әйелдер және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі комиссиясының мүшесі Қойшиева Лимана Құттыбекқызы және «Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжі» студенттерінің қатысуымен өтті.