Президент сайлауы: Шымкентте 293 сайлау учаскесі жұмыс істейді

0
845

Өзіңіздің қай сайлау учаскесінде дауыс беретіндігіңіз туралы мəліметті «Shymkent_sailau2022_bot» телеграм каналынан білуге болады.


Президент сайлауы: Шымкентте 293 сайлау учаскесі жұмыс істейді

2022 жылғы 20-қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сіз өз таңдауыңызды жасау арқылы еліміздің болашағын айқындауға қатысасыз.
20-қараша күні қала аумағында Сіздер үшін барлығы 293 сайлау учаскесі жұмыс жүргізетін болады.
Өзіңіздің қай сайлау учаскесінде дауыс беретіндігіңіз туралы мəліметті «Shymkent_sailau2022_bot» телеграм каналынан немесе «i-shymkent.kz» сайтына кіріп, ЖСН нөміріңізді теру арқылы біле аласыз. Ары қарай 2ГИС мобильді қосымшасына сайлау учаскесінің номерін теріп, мекен-жайы мен бағытын анықтауға болады.
Немесе Абай ауданы бойынша
8(7252) 39-02-00,
Әл-Фараби ауданы бойынша
8(7252) 39-02-01,
Еңбекші ауданы бойынша
8(7252) 43-30-05,
Қаратау ауданы бойынша
8(7252) 77-46-06 телефоны арқылы байланысып ақпарат алуға болады.
Сайлауға қатысу арқылы елдің қоғамдық-саяси өміріне маңызды үлес қосу – әрбір азаматтың парызы.
Белсенділік танытып, келешегімізді бірге таңдайық!