Республикалық конкурста шымкенттік ұстаз "Спорт саласының үздігі" атанды

0
1 293

«Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман» аталымы бойынша Гайрат Тешебайұлы Усманов марапатталды.


Республикалық конкурста шымкенттік ұстаз

2019 жылдың қорытындысына сай спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» аталымы бойынша атақтарды беру жөніндегі республикалық конкурстың нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен жиын өткен болатын. Облыстық спорт басқармалары, министрлікке бағынысты ұйымдар басшыларының басын қосқан бұл жиында Министр саладағы жетістіктер мен қордаланып қалған проблемалар туралы басшылардың есебін тыңдады. Күн тәртібінде тұрған мәселелер нақтыланып, Токио – 2020 олимпиадасына дайындық барысы пысықталды. Ақтоты Райымқұлова Нұр-Сұлтан, Алматы. Шымкент қалалары спорт басқармаларының жұмысына оң баға беріп, осы бағытта жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, 2019 жылдың қорытындысына сай спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» аталымы бойынша атақтарды беру жөніндегі республикалық конкурстың нәтижесі жарияланып, жеңімпаздар анықталды.

«Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман» аталымы бойынша «Шымкент қаласының №16 гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары - Гайрат Тешебайұлы Усманов марапатталды.