«Шаңырақ»: Шымкентте пәтерлерге тікелей сатылым басталды

0
647

Алғашқы жарна пәтер құнының 10 % төлену арқылы, несие жылдық 5% - бен беріледі


«Шаңырақ»: Шымкентте пәтерлерге тікелей сатылым басталды

Бүгін Шымкентте “Шаңырақ” бағдарламасы аясында Тұран-2 шағынауданында орналасқан тұрғын үйлердегі пәтерлерге тікелей сатылым басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Отбасы банкі жариялаған ақпараттарға сәйкес, сатылымдағы таза әрлеудегі пәтердің 1 шаршы метрінің бағасы 200 000 теңгені құрап отыр. Жеңілдетілген пайыздық көрсеткішпен сатылымдағы жалпы пәтер саны – 305. Оның ішінде, 1 бөлмелі пәтерлер саны – 136, 2 бөлмелі – 147, 3 бөлмелі – 22.

Аталған тұрғын үйлердегі пәтер құны жобамен: 1 бөлмелі пәтер 8 508 000 теңгеге дейін; 2 бөлмелі пәтер 12 438 000 теңгеге дейін және 3 бөлмелі пәтер 15 548 000 теңгеге дейін.⠀
Несиелік баспанаға қол жеткізуді көздеген азаматтардан өтініштер Отбасы банктің «otbasybank.kz» интернет-ресурсы арқылы осы жылдың 08-18 қараша аралығында қабылданады.⠀
Алғашқы жарна пәтер құнының 10 % төлену арқылы, несие жылдық 5% - бен беріледі. Несие мерзімі – 20 жылға дейін. Максимальды несие сомасы – 15 млн теңге.
Айта кету керек, аталған тікелей сатылым бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған Отбасы банктің салымшылары ғана өтінім тастай алады. Жаңа пәтердің иегері атанудың мүмкіндігін пайдаланып, өтінім жолдаңыз.