ШЫМКЕНТ: 18 жолаушысы бар автобустан өрт шықты (видео)

0
1 461

Шымкентте қоғамдық көлік өртеніп кетті.


ШЫМКЕНТ: 18 жолаушысы бар автобустан өрт шықты (видео)

Бүгін Шымкент қаласында тапа-тал түсте қоғамдық көлік өртке оранды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өртке оранған қоғамдық көліктің ішінде жолаушылар болған. Өрт тұтанған кезде автобус салонындағы 18 жолаушының барлығы да сыртқа шығып үлгерген. Белгілі болғандай, өрт шыққан автобус 74-ші бағытта жұмыс атқарған.

Аталған автобус "Green Bus" компаниясына тиесілі екен. Абырой болғанда, қоғамдық автобустан шыққан өрттен ешкім жарақат алмаған.

"Өрт туралы Шымкент қалалық ТЖД шұғыл кезекшілік пультіне 18 наурыз сағат 15.25-те жедел хабарлама кеп түскен. Өртті ауыздықтауға 2 арнайы техника мен 7 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Өрт сағат 15.31-де оқшауланып, сағат 15.45- те толық сөндірілді", - деп хабарлайды Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша, өрт қоғамдық көліктің моторлы бөлігінен шығуы мүмкін. Өрттің себеп салдарын мамандар анықтап жатыр.