Қазіргі таңда нысанның бас ғимараты – стационарда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған.
Шымкент қаласының «№2 қалалық аурухана» МКК ғимаратына бүгінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аурухана аумағында 3 ғимарат орналасқан: стационар, босану бөлімі және емхана бөлімшесі.
Қала әкімі М. Әйтенов әлеуметтік нысанның құрылыс барысымен танысты.
Келісімшарт бойынша құрылыс жұмыстарының уақыты 11 айға – 2020 жылдың ақпан айынан желтоқсан айы аралығына жоспарланған еді. Мердігер мекеме «Югстройсервис-н» ЖШС құрылысты кестеге сәйкес жүргізуде.
Қазіргі таңда нысанның бас ғимараты – стационарда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. Ал босану бөлімі ғимараты мен емхана ғимаратында жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр