​ШЫМКЕНТ: №4 қалалық емхана жанынан ашылған күндізгі стационар жүйелі жұмыс істеуде

0
878

Стационарда 8 дәрігер мен 16 медбике 2 ауысыммен жұмыс істеуде.


​ШЫМКЕНТ: №4 қалалық емхана жанынан ашылған күндізгі стационар жүйелі жұмыс істеуде

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасымен 26 маусымнан бастап №4 қалалық емхана жанынан қосымша 3 мекен жайдан 20 орындық күндізгі стационар ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олар: Володарский 11-де - 7 орындық, Терешкова 196-да - 8, Терешкова 2-де - 5 төсек орын. Оның ішінде 5-еуі балаларға арналған. Енді осы мекен-жайларға жақын тұрғындар алысқа бармай-ақ жақын жерде емделе алады.
Жұмыс уақыты 8:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі, жексенбі күндері де жұмыс істейді. Бұл ашылған күндізгі стационарларға Жедел респираторлы вирусты инфекция(J06.8), пневмония (J18.8) белгілерімен келген науқастар кезексіз қабылдып жатыр.
Қазіргі таңда стационарда 8 дәрігер мен 16 медбике 2 ауысыммен жұмыс істеуде.
Емхана барлық қажетті дәрі-дәрмектермен, залалсыздандыру ерітінділерімен, жеке басты қорғау құралдарымен, пульсоксиметр және оттегі жастықшалары, баллондармен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасымен үйдегі шақыртуларды кезексіз шұғыл түрде қамтамасыз ету мақсатында стационарға автокөлік бөлінді. Учаскелік дәрігерлер тұрғындардан келіп түскен шақыртуларға баруда және диспансерлік есепте тұратындарға тегін дәрі-дәрмектерді үздіксіз жеткізуде.
Айта кетейік, 26 маусымнан бері емханада 67 науқас ем алуда, оның ішінде ЖРВИ - 19, пневмония - 48.