ШЫМКЕНТ: 435 ерекше жанға 28 «инватакси» қызмет көрсетеді

0
63

Қазір мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылған.


ШЫМКЕНТ: 435 ерекше жанға 28 «инватакси» қызмет көрсетеді

Шымкент қаласында 435 ерекше жанға 28 «инватакси» қызмет көрсетуде.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева айтты.

Жанат Өтебаеваның айтуынша, Көлік тірек-қимыл бұзылысы бар жандар үшін арнайы жабдықталған.
Қазір мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылған. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілді.
Шымкент қаласында қазір 41 406 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның ішінде:
- бірінші топтағы мүгедекдігі бар адам – 4 526;
- екінші топтағы мүгедектігі бар адам– 15 421;
- үшінші топтағы мүгедектігі бар адам – 13 494;
- 18 жасқа дейінгі 7 965 мүгедектігі бар балалар;
Басқарма тарапынан бұл ерекше жандардың төмендегі қажеттіліктері өтелді. 4 111 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға протездік-ортопедиялық көмек құрал, 14 048 адамға сурдотехникалық , тифлотехникалық, гигиеналық құрал, 909 ерекше жан қол арба берілсе, 2 757 адамға жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызметі тағайындалды. 6 314 мүгедектігі бар адам шипажайда сауықтыру еміне жолданды.
Сондай-ақ, тірек-қимыл бұзылысы бар мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жабдықталған 28 «Инватакси» көлігіне 435 адамға қызмет көрсетіп жатыр.

Сонымен қатар, Шымкентте халықты жұмыспен қамту шараларының нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,7 пайызға азайып отырғанын да айтып өтті басқарма басшысы. Мәселен 2023 жылдың 7 айында 11 089 отбасындағы 56 199 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.

Бөлісу