ШЫМКЕНТ: 60 мектеп оқушысына 25 мың теңгеден берілді

0
1 780

Шымкенттік халық қалаулылары балаларға киім-кешек пен сөмкелер таратты.


ШЫМКЕНТ: 60 мектеп оқушысына 25 мың теңгеден берілді

Шымкенттегі «Оқушылар сарайында» көпбалалы аналарға көмек беру мақсатында «Мектепке жол» акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Шымкентте «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы және мәслихат депутаттары, фракция мүшелерінің ұйымдастыруымен аз қамтылған және көп балалы отбасыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін көмек көрсету мақсатында «Мектепке жол» акциясы өтті.

Атап айтсақ, акция барысында балаларға халық қалаулылары тарапынан киім-кешек пен сөмкелер таратылып, одан бөлек 60 мектеп оқушысына 25 мың теңгеден берілген.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетовтың Facebook-тегі жеке парақшасында жарияланды.