ШЫМКЕНТ: ​А-2 айналма тас жолы жыл соңында пайдалануға беріледі

0
813

Қала әкімі сала басшылары мен мердігер мекемеге жолдардың сапалы және құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.


ШЫМКЕНТ: ​А-2 айналма тас жолы жыл соңында пайдалануға беріледі

Шымкент қаласында А-2 айналма жолының ІІ және IV кезеңінің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ІІ кезең – Ынтымақ шағынауданынан Темірлан тас жолына дейінгі аралық. Жалпы ұзындығы 2,48 шақырым, ені 80 метр. 4 жолақты жолдың екі жағынанда су ағатын арық, жасыл аймақ, аяқ жол, жарық шамдар қою көзделген. Жер жұмыстары аяқталуға жақын, 76%-ы орындалды.
Қазіргі уақытта мемлекет мұқтаждығына жер телімдері қайтарылуда. Сондай-ақ, Барыс базарына барар жолда сақиналы жолайрықтың жол негізі жасалынып, жұмысшылар аяқжол тастарын қалауда.
IV кезең – Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейін. Жалпы ұзындығы 1,86 шақырым құрайды, ені 35,5 метр. 6 жолақты жолдың екі жағынан да су ағатын арықтар, жасыл аймақ, аяқжол салу көзделген. Құрылыс жұмыстары 55%-ға орындалды, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Қала әкімі сала басшылары мен мердігер мекемеге жолдардың сапалы және құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.