Шымкент әкімі СҚО халқын млн-ға жеткізуді көздеп отыр (видео)

0
1 127

Солтүстікке көшіп барған әрбір отбасының жан басына 85 мың теңге мемлекет тарапынан төленеді


Шымкент әкімі СҚО халқын млн-ға жеткізуді көздеп отыр (видео)

ERNUR.KZ. Бұл туралы Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Солтүстік Қазақстан облысының басшысы Құмар Ақсақаловпен кездесу кезінде мәлімдеді, деп жазады Elitar.kz.

Қос әкім өткізген кездесуге тек шенеуніктер емес, тұрғындар да қатысты. Олар еліміздің солтүстік өңіріне қоныс аударуға ниет азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін көмектер туралы ақпарат алды. Өз кезегінде СҚО әкімі өзі басшылық ететін өңірге көшіп баратын азаматтардың әрбіріне қазынадан қанша қаржы бөлінетінін айтып берді.

«Әрбір көшіп келген азаматтарға біз мемлекет тарапынан көмек жасаймыз. Әрбір отбасының басына 85 мың теңге мемлекет тарапынан төленеді, яғни, әрбір адамға. Көшіп келгеннен кейін пәтерді бірге іздейтін болады. Оның өз ережесі бар»,-деді Құмар Ақсақалов.
Кездесуде сөз сөйлеген Шымкент әкімі енді СҚО халқын млн-ға жеткізуді көздеп отырғанын да жеткізді.
«Біздің оңтүстік өңірінен шыққан шымкенттіктер Астанаға барып халықты млн-ға жеткізді, Алматы да уақытысында солай болды. Енді солтүстіктің де халқын млн-ға жеткізейік»,-деді Ғабидолла Әбдірахымов.
Ақпарат ретінде айта кетейік, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» үшінші бағыты шеңберінде еліміз бойынша солтүстікке көшуге 181 отбасы өтініш білдірген. Олардың өтініштері тиісті өңірлерге хатпен жолданып, 173 отбасының ішінен 62 отбасы, 256 отбасы мүшесі қоныс аударды. Атап айтқанда, солтүстік өңірлерге дәрігер, мұғалім, ауылшаруашылық пен медицина саласы, меxанизатор, заңгер, экономист, электрик, инженер, аспазшы, тракторшы сынды маман иелері қоныс аударып барды.