Шымкент әкімі жолы жоқ, қоғамдық көлік те жүрмейтін жаңа тұрғын үй кешеніне барды

0
1 046

«Әдияда» сапалы жол және қоғамдық көлік мәселесі шешілетін болады.


Шымкент әкімі жолы жоқ, қоғамдық көлік те жүрмейтін жаңа тұрғын үй кешеніне барды

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қаладан шалғай жатқан Қаратау ауданындағы «Әдия» тұрғын үй кешеніне барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шымкент қаласының әкімі талай уақыттан бері үйіне бару үшін топырақ пен батпақ кешетін, автобусқа міну үшін бір жарым шақырым жаяу жүретін жап-жаңа «Әдия» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті.


Сондай-ақ, кездесу барысында жол, қоғамдық көлік және қаңғыбас иттер туралы көтерілген мәселелерді мұқият тыңдаған Ерлан Қуанышұлы жауапты сала басшылары мен тиісті аудан әкімдігіне нақты тапсырмалар жүктеді.

«Ең бірінші кезекте оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз етуіміз қажет. Алдымыз қыс. Инфрақұрылым шешілмеді деп қол қусырып отырмауымыз керек. Оқушыларды тасымалдау дер кезінде шешілуін тапсырамын. Ал, жол құрылысы мен қоғамдық көлік мәселесі келер жылы өз шешімін толықтай табатын болады», - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, Шымкент әкімі Е.Айтаханов тиісті аудан әкімдігіне тұрғындарды қаңғыбас иттерден қорғауды тапсырып, тұрғындарға полициялық тірек пунктінің де салынатындығын жеткізді.