344 көпқабатты үй ауласына асфальт төселеді
2025 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 33 жаңа балалар ойын алаңшасы және Сәуле шағын ауданында кешенді спорт алаңы орнатылады.
Аудан аумағында ойын және спорт алаңшаларын қамту көрсеткіші 2025 жылдың соңына қарай 83,5%-ға, ал 2026 жылы 100%-ға жеткізіледі.
Әл-Фараби ауданында жалпы ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше бар. Оның ішінде:
• 245 шақырымы асфальт жол.
• 15 шақырымы тас жол.
2024 жылы 25 көшеге асфальт қабатын төсеу жоспарланған. 2025 жылға қарай аудан аумағындағы барлық көшелер асфальтталып, жол сапасы 100%-ға жеткізіледі.
Қалалық тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, 344 көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы жолдарға 2000 тонна асфальт төселеді.
Бұл жұмыстар аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартып, қала инфрақұрылымының дамуына оң әсерін тигізеді.