Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында 2025 жылдың 14 сәуірінен бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Бұл жұмыс аталған басқарманың 2025 жылғы 7 сәуірдегі №64-ө бұйрығы негізінде басталады.
Басқарма өкілдері қала тұрғындарын бұл процеске белсенді қатысуға шақырады. Егер азаматтардың басқарма жұмысына қатысты нақты мәліметтері, арыз-шағымдары немесе ұсыныс-пікірлері болса, олар төменде көрсетілген байланыс арналары арқылы жолдай алады:
Байланыс нөмірі: 8 (7252) 77-11-03
Электрондық пошта: g.kasymova@shymkent.gov.kz
Инстаграм парақшасы: @shymkent_aleumettik_korgau
Мұндай ішкі талдаулар – мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мен қоғам сенімін нығайтудың маңызды тетіктерінің бірі.